Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылы Комсомольская көшесінің атауын Абылай Уәлиев көшесіне қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Чермошнян ауылы тұрғындарынын пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылы Комсомольская көшесінің атауын Абылай Уәлиев көшесіне қайта аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшке енеді.

Ауылдық округтің әкімі Ә. Жетібаев

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы Чермошнянка
ауылдық округі әкімінің міндетін
атқарушысының 2021 жылғы
« »________№
шешіміне қосымша

Схемалық карта

21.01.2021
Қаралым саны: 859
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz