Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылы Октябрьская көшесінің атауын Василий Шелема көшесіне қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Чермошнян ауылы тұрғындарынын пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылы Октябрьская көшесінің атауын Василий Шелема көшесіне қайта аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшке енеді.

Ауылдық округтің әкімі Ә. Жетібаев

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы Чермошнянка
ауылдық округі әкімінің міндетін
атқарушысының 2021 жылғы
« »________№
шешіміне қосымша

Схемалық карта

21.01.2021
Қаралым саны: 1711
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz