Мемлекеттiк қызмет

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8(71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova @sko.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман-бас бухгалтер.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-3. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 90963 теңгеден 122463 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Округтегі қаржылық есепке алу - есеп беру  құжаттарын жүргізу. Жылдық қаржыландыру жоспарын құру, мемлекеттік мекеме бойынша  мемлекеттік сатып алулар жоспары, оның орындалуы  бойынша айлық ағымды есептемесі, жылдық  қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу, мемлекеттік сатып алулар жоспары, ауылдық округ  әкім аппаратының бюджетін, еңбек шарттары мен  келісім құру. Қазынашылық органдарында  тіркелумен сатып алулар хаттамалары мен шарттарды  рәсімдеу, еңбек ақы төлемін және ЗҚЖ есептеу, материалдық тауар құндылығын есептеу; статистика  органдарына, салықтық органдарға, қазынашылыққа, мемлекеттік сатып алулар есептемесін беру. Жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін жүзеге  асыруда әкімдерге жіберілген қаржыны есептеу үшін  арналған жергілікті өзін-өзі басқарудағы қолма-қол  қаржы есебіне бақылау жүргізу; жергілікті  бірлестік жиналысымен келіскеннен соң жергілікті  өзін-өзі басқаруда ақшаның шығындары мен түсу жоспарын құру. Ауылдық округ әкімінің басқа да  тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі немесе техникалық және кәсіптік білімдері: «сервис, экономика және басқару» (менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалары бойынша), есеп және аудит (салалары бойынша), экономика (салалары бойынша)) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы №14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) жұмыскерлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.

Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар жергілікті атқарушы органдарының, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң интернет-ресурстарында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi күнiнен бастап есептеледi, 3 жұмыс күнi iшiнде iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не zh.bolatova@sko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Анықтамаларды 8(71536) 21426, арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (ZIP 14 Kb)

Мақаланы құрған күні 09.04.2018 16:09

Мақаланы жаңартқан күні 16.04.2021 16:31

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor egovПремьер Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz